Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысындағы ескерткіштер: Ғылыми-зерттеу жұмыстары туризмнің дамуына жол ашады

Бұл жұмысқа шетелдік ғалымдар да атсалысып жатыр

Жамбыл облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштерге жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo. Kz

«Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» директоры Қуаныш Дәурембековтың сөзінше, биыл Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі  «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 79 бұйрығына сәйкес, облыс көлемінде орналасқан он ауданға  он данадан 175 қорғау тақтайшасы орнатылған.

Сонымен қатар, Жамбыл облысында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштеріне тұрақты жер пайдалану бойынша мемлекеттік АКТ-н жасау бойынша атқарылған жұмыстарЖамбыл облысы көлемінде орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге 2024 жылдың 3 тоқсанында жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде 784 тарихи-мәдени ескерткіштің тұрақты жер пайдалану мемлекеттік АКТ-сі бар екендігі, 2696 тарихи-мәдени ескерткіштің тұрақты жер пайдалану мемлекеттік АКТ-сі жоқ екендігі анықталып отыр.

  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі «Қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын бекіту туралы»№78 бұйрығына сәйкес Тараз қаласы мен аудандар бойынша жергілікті маңызы бар 698 тарихи-мәдени ескерткіштерінің қорғау міндеттемелері толтырылып, меншік иелеріне таратылды.  Бұдан бөлек жыл ішінде жылдық жоспарға сәйкес әр түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар өткізіліп, ғылыми-зерттеу жұмыстары атқарылады. Ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша, ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты және Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясымен»  жасалған екі жақты меморандум негізінде атқарылған жұмыстар да бар.  Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты "Қазақстан тарихындағы ғұн-сармат дәуірі: пәнаралық зерттеу, талдау және қайта құру" ғылыми жобасына сәйкес Талас алқабындағы ғұн-сармат дәуірінің ескерткіштеріне қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстары Байзақ ауданы Ақжар ауылының батысында орналасқан Жайлаутөбе қалашығына (I–V ғғ.) және Ақжар 1 обалар қорымына ғылыми археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Жобаның ғылыми жетекшісі–Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты – Ақан Оңғарұлы.  «Теріс-Аса алқаптарындағы қаңлы және түркі кезеңдерінің қоныстары мен қалалары (б.з.д ІІІ ғ. - б.з ХІІ ғ.)» тақырыбында Жамбыл ауданы Қаракемер ауылында ортағасырлық Қаракемер қалашығында ғылыми археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Экспедиция жетекшісі ҚР ҰҒА ҒМ Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Ph.D доктор Ералы Ақымбек Шардарбекұлы,- деді дирекция басшысы.

Оның айтуынша, биыл Сарысу ауданында «Ақтоғай» үңгірінде ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілген.

 Жамбыл облысы Сарысу ауданында т.ғ.д Академик Жәкен Таймағанбетовтың жетекшілігімен халықаралық бірлескен археологиялық экспедиция алғашқы адамдардың тұрағы «Ақтоғай» үңгірінде ғылыми зерттеу (археологиялық) жұмыстарын жүргізуде. Экспедиция құрамында Қ.Р Ұлттық музейі, Назарбаев университеті, АҚШ-тың Нью-Йорк университеті және басқа да ғалымдар қатысуда. Ортағасырлық Тамды қалашығында археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары. (жергілікті қаржы есебінен) Талас ауданында Қаратау қаласында орналасқан Ортағасырлық Тамды қалашығына (VI-XII ғғ.) археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Қалашықтың қорғаныс жүйесіне және кең көлемді бөлмеге қазба салынуда. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын «Ғылыми-эксперименттік тәжірибелік археология» ЖШС жүргізуде. Экспедиция жетекшілері, тарих ғылымының магистрлары - Шербаев Руслан және Шыңғыс Құдабаев. Қарасай шатқалындағы петроглифтерге ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қарасай петроглифтері Ақбұлым ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5,7 шақырым жерде Ботамойнақ тауының Қарасай шатқалында орналасқан. Қарасай петроглифтерін ашық аспан астын астындағы музейге бейімдеу және ғылыми зерттеу жұмыстары толығымен аяқталды. Музейлендіру, ақпараттық тақталар, тастағы суреттерді зерттеу, жол серік дайындау, фото альбом және деректі фильм дайындалуда,- дейді Қуаныш Дәурембеков.

Айта кетерлігі, ғылыми жұмысты Әл Фараби атындағы ҚазҰУ жүргізуде. Жобаның етекшісі - т.ғ.д тарих факультетінің деканы Байқонақов Досбол екен.

Облыс көлемінде жүргізілген археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарына «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ-нің қызметкерлері тұрақты түрде қатысып тұрады. Жамбыл өлкесінде жүргізілген саяси қуғын-сүргін жайында республикалық конференция (31 мамыр «Саяси қуғын және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 24 қарашадағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №456 Жарлығына сәйкес Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жанынан төрт кіші жұмысшы топтары құрылып, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жан-жақты жұмыстар жүргізді. Үш жылғы жұмыстың қортындысы негізінде мамыр айының 29 күі “Жамбыл өлкесінде жүргізілген саяси қуғын-сүргін: ашаршылық ақиқатын ашу – ұрпақ парызы” атты республикалық ғылыми -тәжірибелік конференция ұйымастырылды. Конференцияға облыстық зиялы қауым өкілдері мен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жобалық офисі, «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы, Қазақстан Республикасы Президенті және «Орталық мемлекеттік архиві», Түркістан облысының мемлекеттік архиві, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессор, доценттері қатысты,- деді маман.

Бүгінгі таңда мекеме тарапынан «Қазақ хандығы» монументі, «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы, «Біз біргеміз» монументі, «Анаға тағзым», мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа, Сеңкібай батыр, жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза ескерткіштерінің орнатылуына ықпал жасалған. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі «Тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 99 бұйрығына сәйкес Жергілікті дәрежедегі мемлекеттік тізімге енгізуге 50 тарихи-мәдени мұра нысанына және мемлекеттік тізімнен шығару бойынша 10 тарих және мәдениет ескерткіштеріне мемлекеттік сараптама жұмыстары аяқталуда.