Жамбыл жаңалықтар

Тоқаев тапсырмасымен жұмысынан кеткен Тараздың бұрынғы әкімі жаңа лауазымға ие болды

Тоқаев тапсырмасымен жұмысынан кеткен Тараздың бұрынғы әкімі жаңа лауазымға ие болды

Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

"Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Досаев Қайрат Әскербекұлы Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды", – делінген хаттамада. Досаев Қайрат Әскербекұлы 1965 жылы туған. Еңбек жолын 1987 жылы ғылыми-өндірістік бірлестікте инженер болып бастаған. Түрлі жылдары "Алтын диірмен" АҚ-да инженер, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бөлімі басшысының орынбасары, сектор меңгерушісі, Төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының көмекшісі, Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы бәсекелестікті қорғау және тарифтер жөніндегі басқармаларының бастығы, Төтенше жағдайлар министрінің көмекшісі, "Мекен" ЖШС директоры, "Қазспортинвест" АҚ вице-президенті, Қордай ауданының әкімі, Шу ауданының әкімі,, Тараз қаласының әкімі. Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаладағы мектепте 12 жасар қызды зорлағаннан кейін Тараз әкімін қызметінен босатуды тапсырды.