жұма, 5 шілде, 2024 1:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Қуаныш" есігін жыл соңындак ашады, - дейді ауыл әкімі

"Қуаныш" есігін жыл соңындак ашады, - дейді ауыл әкімі
ашық дереккөзі
"Қуаныш" есігін жыл соңындак ашады, - дейді ауыл әкімі
Жақсылықтың ерте кеші жоқ. Бұл сөзді қаратөбеліктер сананың сыр сандығына жасырып қойған секілді. Өзге округтердің тұрғындары облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың "Асарлатып үй салу" жобасына білек сыбана кірісіп, мұқтаж отбасына баспана салып беріп жатқанда, қаратөбеліктердің үнсіз отырғаны кімді болсын алаңдатқаны даусыз еді. Десе-дағы бәрі біз ойлағандай емес. Қаратөбеліктердің қарқыны менмұндалаған таудан сілкіне қағып, жүйіткіп келе жатқан көшкіндей көрінеді. Күні кеше табантасы қаланған баспананың қабырғалары көтеріліп, есік-терезеге тапсырыс беріліп қойыпты. Қыруар жұмыс небәрі екі күнде тайға таңба басылғандай көрініп үлгерді. Біз осындай ілкімді істің аяқ алысын білу үшін округ әкімі Қайрат Жатқанбаевқа хабарласқан едік. - "Көп түкірсе көл" деген тәмсілге бүгін анық көз жеткізіп отырмын. Ауылдың тұрғындары мен қалталы кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін. Баспаның көрнекі жеріне "Асарға қол көмегіңді сөз" деген тіркесті оқып, көрсетілген телефонға хабарласып, қаржылай көмек көрсеткен атпал азаматтардың отбасына амандық, жұмысына береке тілеймін. Ертең шатырын жабуға кірісеміз. Таразыда салмағы ауыр амалға өзімізде қолғабыс етіп жүрміз. Тап басып айтар болсақ, "қуаныш" құшағын жыл соңында айқара ашатын болады. Баршамыз осы баспанадан бала-шағаның сыңғыр күлкісін есту үшін тірлік жасап жатқан жайымыз бар, - дейді ол бізбен әңгімесінде. Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар