сейсенбі, 3 ақпан, 2026 20:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Құқық бұзушылықтардың алдын алу: Тәртіп сақшысы түсіндірме жұмысын жүргізді

Құқық бұзушылықтардың алдын алу: Тәртіп сақшысы түсіндірме жұмысын жүргізді
Фото - ашық дереккөз
Жиында «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің енгізілуі де сөз болды

№67 мекемесінде патрульдік полиция батальонының 1-рота командирімен кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

№67 мекемесінде патрульдік полиция батальонының 1-рота командирі, полиция майоры Абдрахманов Айдын Жанаровичпен жұмыс кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мекемелер арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің енгізілуі, бейнебақылау камераларының орнатылуы және олардың қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызына ерекше назар аударылды.

Полиция майоры Абдрахманов А.Ж. заманауи техникалық құралдарды, оның ішінде «Сергек» камераларын қолдану құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтауға, алдын алуға және жалпы құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу қорытындысында тараптар алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты нығайту және ақпарат алмасуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар