Құқықтық тәртіп
Ағымдағы жылдың 26-29 қараша аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Мақсаты – жол-көлік оқиғаларын алдын алу, құқық бұзушылыққа жол бермеу және оны ашу болып табылады.
Жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Талас аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторлары Ақкөл ауылының көшелерінің бірін патрульдеу кезінде жол-ережесін бұзған ГАЗ-37705 маркалы автокөлігін тоқтатқан.
Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жүргізушінiң «орта» дәрежедегі мас күйінде болғаны расталды.
Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 15 тәулікке қамаққа алынды және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Сондай-ақ, жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Талас аудандық полиция қызметкерлерімен 210 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабымен (алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) – 1, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) – 35, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен (көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) – 3, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабымен (жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы) – 36 әкімшілік хаттама толтырылды.
Жамбыл облысы Полиция департаменті көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны туралы ескертеді және азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Өзбекстан Республикасының 43 жастағы азаматы ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024