"Құқықтық тәртіп" жедел- алдын алу іс-шарасы барысында жамбылдық полицейлер 3000-нан астам құқық бұзушылық дерегін анықтады
"Құқықтық тәртіп" жедел- алдын алу іс-шарасы барысында жамбылдық полицейлер 3000-нан астам құқық бұзушылық дерегін анықтады
Ағымдағы жылғы 26-29 қараша аралығында Жамбыл облысының аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтап, жолын кесті, көппәтерлі және жеке тұрғын үйлердің аулаларында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды, сондай-ақ «ізін суытпай» 34 қылмыс оқиғасы және бұрын жасалған 20 қылмыс дерегі ашылды. Сонымен қатар 3033 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды, оның ішінде - 216 ұсақ бұзақылық дерегі (ҚР ӘҚБтК 434 – бабы), 273- спирттік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде болуы (ҚР ӘҚБтК 440-бабы), 674 адам тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 492-бабы), тұрғылықты жері бойынша ІІБ-де профилактикалық есепте тұрған 2000-нан астам адам тексерумен қамтылды. Іс-шара басталған төрт тәулік ішінде 24 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ көлікті басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік құралын басқаруының 8 дерегі анықталды.