«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті
«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті
2023 жылғы 20-30 қараша аралығында Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты - қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және қоғамдық тәртіпті сақтау болып табылады. Тараз ст. ЖПб қызметкерлерімен «Құқықтық тәртіп» жедел – профилактикалық іс-шараның өту уақытында 138 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктерді iшкені және қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін - 5 дерек, қоғамдық орынды ластағаны үшін - 30 дерек, жасөспірімдердің түңгі мезгілде ата-анасының ілесі жүруіңсіз жүргені үшін - 5 дерек, белгiленбеген орындарда сауда жасағаны үшін – 4 дерек, Қазақстан Республикасының көші – қон заңнамасын бұзғаны үшін - 1 дерек және басқа да құқық бұзушылықтар бойынша - 93 дерек анықталды.