Жамбыл жаңалықтар

ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ—ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ—ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

«Анаға тағзым» орталығында қоғамдық қабылдау өтті. Онда облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, әйелдер мен отбасы құқықтары жөніндегі уәкілі Әмина Қайназарова, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, облыс әкімдігінің әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Зәуре Тұрғынова және Жамбыл облысы полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Дильяфруз Кенжеханова, қалалық азаматтарды, әйелдерді қорғау жөніндегі аға инспекторы Анар Мұсаева, Тараз қаласы бойынша әйелдерді қорғау инспекторы Нәзира Әбдіразақова қыз-келіншектер мен әйел-аналарды сұрақтарымен жеке қабылдады. Қабылдау барысында әйелдер отбасындағы тұрмыстық зорлық - зомбылық, кәмелетке толмаған балаларға қамқоршылық, тұрғын жай - коммуналдық, жұмысқа орналастыру, материалдық көмек көрсету және басқа да түрлі мәселелер бойынша кеңес алуға жүгінді. Сұрақтардың бір бөлігі қабылдау кезінде-ақ шешілсе, кейбірі зерттеуге жіберілді. Ал, қалғаны шаралар қабылдау үшін уақытты қажет етеді.