Жамбыл жаңалықтар

Үйінде есірткі сақтаған Шу тұрғыны ұсталды

Үйінде есірткі сақтаған Шу тұрғыны ұсталды

2022 жылғы 15 желтоқсанда Шу қаласының 32 жастағы тұрғыны есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында үйінің дәлізінде салмағы 1 келі 285 гр "кептірілген марихуана" есірткі заты бар ақ түсті пакет табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат өз кінәсін толығымен мойындады және Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. - Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, - деп атап өтті облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев. Сонымен қатар пагондағылар Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында Талас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қаратау қаласы көшелерінің бірінде қозғалысы күдiк тудырған «Volkswagen passat” маркалы автокөлігін тоқтатты. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жүргізушінің «жеңіл» дәрежедегі мас күйінде болғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Талас аудандық сотының қаулысы бойынша құқық бұзушы жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.