Жамбыл жаңалықтар
ймақта атқарылған мемлекеттік және әлеуметтік жобаларды насихаттау мақсатында баспасөз туры өтті
- авторjambylinfo.kz
- 22 желтоқсан, 2021
- 215
ймақта атқарылған мемлекеттік және әлеуметтік жобаларды насихаттау мақсатында баспасөз туры өтті
Тараз қаласында республикалық және меншікті БАҚ өкілдері, сонымен қатар әлеуметтік желіні белсенді қолданушылардың қатысуымен баспасөз турының екінші күні өтті. Шараға қатысушылар атқарылған жұмыстар мен мемлекеттік және әлеуметтік жобаларды насихаттау мақсатында шаһардағы бірқатар нысанды аралады.
Екі күнге созылған баспасөз турына «Матрица.kz» ақпараттық талдау порталының журналисті Серік Мәмбетов, республикалық «Казахстанская правда» газетінің арнайы тілшісі Москау Зарина, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының тілшісі Шерхан Жамбылұлы, «PRESS.KZ» ақпарат агенттігінің арнайы тілшісі Сергей Алексеенок және Бауыржан Карипов, Яков Федоров, Қуат Ахметжанов, Алмас Тоқабаев сынды әлеуметтік желіні белсенді қолданушылар және жергілікті БАҚ өкілдері қатысып, өңірдегі оң өзгерістерді бұқараға жеткізді.
Қатысушылар алдымен «Таразға тарту» жобасы аясында ашылған «Үшбұлақ» жағалауына барды. Жағалау Д.Қонаев көшесінен басталып, Зербұлақ көліне дейін жалғасқан. Ұзындығы – 850 метр. Су ортасына диаметрі 19 метр «жасанды арал» салынған. Онда қазақы жылнамадағы жануарлардың мүсіндері орналасқан. Ұзындығы 60 метр болатын аспалы көпір де күрделі жөндеуден өткен. «Үшбұлақ» жағалауының бойына заманауи «Street workout» спорт құрылғылары, шаңырақ пен арка астына 2 әткеншек қойылған. Сондай-ақ, ұзындығы 450 метрді құрайтын веложол бар.
Одан кейін ақпарат жаршылары «Гимнастика және үстел теннисі» спорт кешенінің жұмысымен танысты. Жалпы сыйымдылығы 600 адамды құрайтын кешенің көлемі - 2 460 шаршы метр.
Баспасөз туры ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашылған «Анаға тағзым» орталығында жалғасты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен бой көтерген нысанның алдына аналардың құрметіне еңселі ескерткіш орнатылған. Үш қабатты ғимараттың барлық залы, дәлізі ұлттық нақышта безендірілген. Мұнда жас және көп балалы аналар үшін түрлі курстар ұйымдастырылып, психологиялық және құқықтық тұрғыдан жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Бұдан кейін БАҚ өкілдері 2001 жылы ашылған, 100-ден астам нан өнімдерін әзірлейтін «Хлебный дар» наубайханасының және матрас шығаратын «Avero» кәсіпорнының жұмысымен танысты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024