Қысқы киім үлгісіне көшті
Қысқы киім үлгісіне көшті
Бүгін облыстық ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жеке құрам қызметкерлерінің қысқы киім үлгісіне ауысу рәсіміне арналған саптық байқау өтті. Онда қысқы киім нысанына көшу, саптық дағдыны жетілдіру әрі саптық командаларды орындау кезінде реттілікті, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамның нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын қамтамасыз ету назарға алынды. Бұл күні сондай-ақ қызметкерлердің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктері мен айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тексерілді. Бұдан бөлек, тәртіп сақшыларының ұқыптылығы мен жинақылығы, киімінің мұнтаздай таза болуына ерекше көңіл бөлінді.