«Қызметкерлері жоқ мекеме». Жамбылда мекен-жайы жоқ кәсіпорын бар
Нысан ауыл шаруашылығы арнайы және құрылыс техникасын жөндеумен айналысады
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Асылхан Шәймерденов квазимемлекеттік сектордың активтерді тиімді пайдалануы бойынша бірқатар мәселені айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Комиссия мүшесінің сөзінше, «Тараз Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ 16 жоба бойынша заңды тұлғалардың капиталын ұлғайту арқылы үлеспен кірген. Бірақ, жобалардың орындалуы кенжелеген. Тиісінше, «Агромаш Холдинг БК» ЖШС-мен бірлесіп «Тараз сервистік-өндірістік орталығы» бірлескен кәсіпорнын құру жобасындағы бірқатар шикілік тексеріс нәтижесінде анықталған.