Жамбыл жаңалықтар

Зағип және көзі нашар көретін жандармен практикалық семинар – тренинг өтті

Зағип және көзі нашар көретін жандармен практикалық семинар – тренинг өтті

Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен арнайы кітапханада «Ерекше жандармен қарым-қатынас» атты практикалық семинар –тренинг өтті. Аталған семинарды кітапхана директоры ашып, зағип азаматтарға ерекше күтім мен қарым-қатынас жасау қажеттілігі және оларға қолдау көрсетуде үнемі қызметкерлер өз-өзін дамытып отыруы тиіс екендігін атап көрсетті.   Ал, басқарманың «Мәдениет және өнер» бөлімінің бас маманы Құттыбаева Жадыра Нұржанқызы кітапхана ісіне сәттілік тілеп, семинар турасында өз ойымен бөлісті. «Бүгінгі семинардың мақсаты зағип және көзі нашар көретін жандарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп, тиісті кеңестер жасап, қордаланған проблемаларды қоғам болып бірлесе талқылауға негізделген. Практикалық семинар-тренингте аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіндегі зағип оқырмандарға  қызмет көрсету бөлімінің кітапханашыларына көру қабілеті бұзылған  адамдардың түрлі заттармен түсті ажырату, қабілетін қалыптастыру және кеңістікте қалай еркін жүруге, нені істеуге болады, нені білулері тиіс – деген сұрақтарға жауап беріп, тәжірибе жүзінде көрсетті. Ал, арнайы кітапхана қызметкерлері «Соқыр адамдар үшін – кеңістікті бағдарлау ең өткір мәселелердің бірі», «Зағип оқырмандармен қарым – қатынас», «Зағип адамға түсті сипаттау» тақырыптары бойынша баяндама жасап, психологиялық және тәжірибелік тренинг-ойындарын жүргізді. Семинардың жұмысына пайдаланушылардың аталған санаттарымен жұмыс істейтін аудандық қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері,  «Өрлеу» Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының мүшелері және «Болашақ» мектеп интернатының ұстаздары мен  «Анаға Тағзым» орталығының психолыгы Кеншинбекова Жанар Дүкенбайқызы қатысты. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылып, барлық қатысушыларға таратылды. Семинардың мақсаты бүгінде зағип, көзі нашар көретін жандар қатары күн арта өсуіне байланысты оларға психологиялық, моральдық және физикалық қолдау көрсету қоғамдағы ең маңызды мәселенін біріне айналуда. Осы орайда кітапхана ұжымы зағип адамдардың кеңістікте еркін жүруді үйретіп, өз-өзіне деген сенімсіздікті жоюға көмектесу, басқа адамдарға тәуелді болмай қозғалыс пен өзіне-өзі қызмет ету қабілетінің шектеліп қалмауға дағдыландыруда қолдау көрсетіп, ақ таяқтың көмегімен кеңістікті шарлау қабілетін қалыптастыруға қол жеткізу.   Зағип адамдарға естуді күнделікті дамытып отыру. Көру қабілеті бұзылған адамның түрлі заттардың көмегімен түсті ажырату қабілетін қалыптастыру үшін не істеуге болады, нені білуілері тиіс? – деген сұрақтарға жауап береді.