«Заң керуені» акциясы басталды
Аса ауылында облыс прокурорының бірінші басқарма бастығы Жомарт Науатов пен аудан прокуроры Марат Естаевтың қатысуымен «Заң керуені» акциясы өтті.
Кездесуді ашқан топ жетекшісі Жомарт Кенжеқұлұлы: «Акцияның мақсаты – жергілікті жерлерде жедел құқықтық көмек көрсету және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» деді.
Кездесуде халыққа заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы айтылды.
Шара барысында тұрғындар құқық қорғау ведомстволарының басшыларына сұрақтар қойып, олардың сұрақтарына толық жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Кездесу соңында органдардың басшылығы азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді.
Жеке қабылдаудан түскен барлық өтініштер тіркеліп, толымды жауаптар берілді.
Қосымша зерделеуді және тексеруді талап ететін бірқатар сұрақтар бақылауға алынды. Кері байланыс тәртібінде қарау нәтижелері жақын арада арыз иелерінің назарына жеткізілетін болады.
Жергілікті тұрғындар ашық диалог форматында өткен акцияға оң баға беріп, тұрақты негізде ведомстволар осындай кездесулерді жиі өткізуіне ниет білдірді. «Заң керуені» акциясы келесі кезекте ауданның өзге де ауылдарында жалғасын табатын болады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Заңсыз көші-қонмен күрес мәселелері талқыланды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024