«Заң керуені» акциясы басталды
«Заң керуені» акциясы басталды
Кездесуді ашқан топ жетекшісі Жомарт Кенжеқұлұлы: «Акцияның мақсаты – жергілікті жерлерде жедел құқықтық көмек көрсету және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» деді. Кездесуде халыққа заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы айтылды. Шара барысында тұрғындар құқық қорғау ведомстволарының басшыларына сұрақтар қойып, олардың сұрақтарына толық жауаптар мен түсініктемелер берілді. Кездесу соңында органдардың басшылығы азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді. Жеке қабылдаудан түскен барлық өтініштер тіркеліп, толымды жауаптар берілді. Қосымша зерделеуді және тексеруді талап ететін бірқатар сұрақтар бақылауға алынды. Кері байланыс тәртібінде қарау нәтижелері жақын арада арыз иелерінің назарына жеткізілетін болады. Жергілікті тұрғындар ашық диалог форматында өткен акцияға оң баға беріп, тұрақты негізде ведомстволар осындай кездесулерді жиі өткізуіне ниет білдірді. «Заң керуені» акциясы келесі кезекте ауданның өзге де ауылдарында жалғасын табатын болады.