сейсенбі, 27 қаңтар, 2026 18:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Заң мен тәртіп: Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жастармен кездесу өтті

Заң мен тәртіп: Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жастармен кездесу өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Жиында бірқатар мәселеге назар аударылды

Жамбыл облысында «Заң мен тәртіп қағидаты» аясында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында студент жастармен кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шара ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және «Астана» көпсалалы колледжінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу – тек полицияның ғана емес, қоғамның ортақ міндеті. Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы ғана олардың заңға қайшы әрекеттерге баруына жол бермейміз. Облыс аумағында осы бағытта 4 965 рейдтік іс-шара өткізіліп, қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар 15,8% пайызға төмендеді, — деп атап өтті ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналды полиция тобы бойынша ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Азат Пирматов. 

Кездесу барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлеріне тоқталып, олардың  салдары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты әрі пайдалы жауаптар берілді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар