Жамбыл жаңалықтар

Заң мен тәртіп: Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жастармен кездесу өтті

Жиында бірқатар мәселеге назар аударылды

Жамбыл облысында «Заң мен тәртіп қағидаты» аясында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында студент жастармен кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шара ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және «Астана» көпсалалы колледжінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлеріне тоқталып, олардың  салдары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты әрі пайдалы жауаптар берілді.