Жамбыл жаңалықтар
Заңсыз жұмыс істеген шаштараз маманы жазаланды
- авторМағжан Орынбасар
- 27 тамыз, 2024
- 521
Оған 38 мың теңге айыппұл салынды
Жамбыл облысының Жуалы ауданында тиісті тіркеусіз шаштараз қызметін ұсынған әйел жазаланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыстық соттың мәлімдеуінше, аудан ауылдарының бірінде салық қызметі қызметкерлерімен жүргізілген мониторингі барысында сұлулық салонында жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз шаштараз қызметін ұсынған тұлға анықталған.
- Салық кодексінің 79-бабының 1-бөлігіне сәйкес жеке тұлға дара ЖК ретінде тіркеу есебіне қою үшін Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен салық органына хабарлама жібереді. Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады. ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігінің санкциясы жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуды көздейді. Сот құқық бұзушының материалдық жағдайын ескере отырып, ӘҚБтК 829-11-бабының 2-бөлігіне сәйкес айыппұл сомасын 30% - ға төмендетті. Азаматша У. ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 38 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды,- делінген ресми хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024