Өзара әріптестік
Өзара әріптестік
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы құқықтық саясат жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарының, сотталғандардың психологиялық көмек алу құқығын іске асыру бөлігіне сәйкес, ҚАЖ комитетімен Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психологиялық қызметті жетілдіру бойынша сотталғандарға және ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен ҚР ІІМ ҚАЖД «№59-мекеме» арасында өзара меморандум жасасып,«Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің 6В03111—Әлеуметтік саладағы психология білім беру бағдарламасының күндізгі оқу түрінде оқитын 3курс студенттерінің ҚР ІІМ ҚАЖД «№59 мекемесінде» 29.05-24.06.2023ж. аралығында өндірістік тәжірибеден өту ұйымдастырылды. Осы мекеме бастығы әділет полковнигі Руслан Гарифуллаұлы Уразметов студенттермен режимдік объектіде өз қауіпсіздіктерін сақтаудың алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жургізіп, тәжірибе өтуде сәттілік тіледі.