«Үздік психологиялық газет»
«Үздік психологиялық газет»
«Үздік психологиялық газет» Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД – 158/4 мекемесінде ағымдағы жылдың 15 – шы маусымында «Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар» жоспарын жүзеге асыру мақсатында ЖД – 158/4 мекеме психологтарының ұйымдастыруымен «Үздік психологиялық газет» тақырыбында әзірленген ережелерге сәйкес ең жақсы психологиялық қабырға газет шығару байқауы ұйымдастырылды. Байқауға мекеме бойынша барлық жасақ сотталғандары қатысты. Сотталғандар арасында алдын-ала жасақтар бойынша біріккен түсіндірме және үгіт жұмыстары жүргізілді. Байқауға тек жастар ғана емес, сондай-ақ жасы үлкен жазасын өтеушілер де қатысты. Барлық сотталғандардың назарына алдын-ала байқауды өткізу ережесі мен шарттары жеткізілді. Берілген іс-шара сотталғандар арасында тәрбие жұмысын күшейту және психологиялық қарым-қатынас ақуалын жақсарту, сотталғандардың ойлау қабілетін және қоғамдық жұмыстарға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жүргізілді. Қазылар алқасы құрамына мекеме бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары әділет майоры Рахманбердиев Қайнар Сәбденұлы, мекеменің психологтары, теологтары және режим бөлімі қызметкерлері кірді. Аталған іс-шарада жүлделі орын алған сотталғандарға мекеме бастығымен «марапаттауға» ұсынылды.