Жамбыл жаңалықтар

"Жұмыстарыңыз баяу жүріп жатыр". Ербол Қарашөкеев қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындардың жұмысын сынға алды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аймақта қалдықтарды өңдеу және оларды қайтадан кәдеге жарату жүйесіндегі жұмыс баяу жүріп жатқанын айтып, тиісті тараптардың жұмысын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қалдықтарды сұрыптап, оны қайта өңдеуге саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарға қазір сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3 пайыздан аспайтын 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге қайтарымды қаржы беріледі. Соған қарамастан, Ербол Қарашөкеев атап өткендей, осы мүмкіндікті пайдаланып, осы салада жоба ұсынбайтын аудандар бар. 

Айта кетейік, «Жасыл даму» мекемесі «Өнеркәсіпті дамыту қоры»  арқылы қалдықтарды жинау саласында технология енгізіп, қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт салуға, жалпы, қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту бағытында жұмыс істейтін ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсартатын жобаларға қаржы бөлуге дайын. Облыс әкімі аймақтағы кәсіпорындарға осы мүмкіндікті пайдаланып, қалдықтарды қайта өңдеу саласында жұмысты күшейтуді тапсырды.