Жәрмеңкеде 100 тоннаға жуық өнім ұсынылды
Тараз қаласындағы «Grand Passage» сауда кешенінің алаңында және коммуналдық базарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, онда Жамбыл, Талас, Т.Рысқұлов, Жуалы аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының тауарлары қолжетімді бағада ұсынылды.
Сондай-ақ, агроқұрылым өкілдерінен бөлек «Алқаптан сөреге дейін» жобасына қатысушы жеке кәсіпкерлер де өз өнімдерін тұтынушыларға делдалсыз саудалады.
Тараз қаласының екі нүктесінде өткізілген жәрмеңкеге арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев сөрелерді аралап көріп, тауарлардың сапасы мен қойылған бағалардың тұрақтылығын бақылады.
Жалпы жәрмеңкеде құны 25 млн. теңгені құрайтын 92,9 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Оның ішінде 6,2 тонна ет, 1 тонна шұжық өнімдері, 1,3 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,2 тонна кондитерлік өнімдер мен 1,5 тонна макарон өнімдері, 1,3 тонна балық, 10 тонна қант, 5 тонна ұн, 0,6 тонна бал және 65,8 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала