сейсенбі, 3 ақпан, 2026 20:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңа Ата Заң жобасы: Облыс әкімі Жамбыл ауданында зиялы қауыммен кездесті

Жаңа Ата Заң жобасы: Облыс әкімі Жамбыл ауданында зиялы қауыммен кездесті
Фото - Jambylinfo.kz
Жиында ой-пікірлер мен ұсыныстар айтылды

Бүгін Жамбыл ауданында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев зиялы қауыммен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жуырда Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия жаңа Ата Заңның жобасын жариялады. Ел президенті ерекше атап өткендей, бұл – мән-маңызы жағынан да, саяси-құқықтық мазмұны тұрғысынан да жаңа құжат саналады.

Жиында өңір басшысы конституциялық реформа – Қазақстанның болашақ даму моделін айқындайтын, қоғамның құндылықтық бағдарын нақтылайтын стратегиялық, идеологиялық қадам екенін атап өтті.

 

- Жаңа Ата Заң жобасы қалыптасқан мемлекеттік құрылымды, Қазақстанның халықаралық беделін, адами капиталды, білім, ғылым және инновацияны дамытудағы айқын басымдықтарды көрсетеді. Сонымен бірге мемлекеттіліктің қалыптасуында маңызды рөл атқарған қолданыстағы Конституцияға құрмет сақталып отыр. Жалпы алғанда Конституцияның жаңа редакциясының алғашқы жобасында преамбула болады. 11 бөлім және 5 бап бекітуге ұсынылып отыр. Конституцияның жобасы жарияланды. Жүргізіліп жатқан реформалар еліміздің саяси жүйесін жетілдіруге, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға бағытталып отыр, - деді Ербол Қарашөкеев.

 

Басқосу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев сөз алып, зиялы қауым өкілдері ұсынылып отырған конституциялық реформаларды қолдайтынын айтып, бастамалардың елдің саяси жаңғыруына оң ықпал ететінін сөз етті.

 

– Құжатта қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай келетін бірқатар маңызды өзгерістер енгізілгені аңғарылады. Мұндай реформаның елдің тұрақты дамуы мен саяси жүйенің тиімділігін арттыруда маңызы айрықша. Сондықтан біз жаңа Конституция жобасын қолдаймыз, – деді Бақыт Сырлыбаев.

 

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі жаңа Конституция жобасында көзделген өзгерістердің мәні мен маңызын аймағымыздың әрбір тұрғынына жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу – ортақ міндет екенін айтты.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар