Жамбыл жаңалықтар

Жаңа Ата Заң жобасы: Облыс әкімі Жамбыл ауданында зиялы қауыммен кездесті

Жиында ой-пікірлер мен ұсыныстар айтылды

Бүгін Жамбыл ауданында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев зиялы қауыммен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жуырда Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия жаңа Ата Заңның жобасын жариялады. Ел президенті ерекше атап өткендей, бұл – мән-маңызы жағынан да, саяси-құқықтық мазмұны тұрғысынан да жаңа құжат саналады.

Жиында өңір басшысы конституциялық реформа – Қазақстанның болашақ даму моделін айқындайтын, қоғамның құндылықтық бағдарын нақтылайтын стратегиялық, идеологиялық қадам екенін атап өтті.

 

 

Басқосу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев сөз алып, зиялы қауым өкілдері ұсынылып отырған конституциялық реформаларды қолдайтынын айтып, бастамалардың елдің саяси жаңғыруына оң ықпал ететінін сөз етті.

 

 

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі жаңа Конституция жобасында көзделген өзгерістердің мәні мен маңызын аймағымыздың әрбір тұрғынына жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу – ортақ міндет екенін айтты.