Жамбыл жаңалықтар

Жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасалды

Жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасалды

Жамбыл облыстық перинаталды орталығында жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасалды деп хабарлайды Jambylinfo.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Шу ауданының орталық аудандық ауруханасында Даун синдромы және басқа да ауыр патологиялары бар нәресте дүниеге келген. Мамандар кішкентай сәбидің туа біткен анальды атрезия және асқазан-ішек жолдарында ақау барын анықтап, шұғыл түрде оған ота жасау керектігін айтқан. Сәби бірден Жамбыл облыстық перинаталды орталығына жеткізілген. Облыстың штаттан тыс бас неонатологы Талғат Толықбаев пен неонаталдық хирург Нұртуған Алкуатов сәбиге тез арада ота жасады. Қазір баланың жағдайы тұрақты. Мамандар нәресте 6 айға толғанда емдеудің келесі кезеңі, яғни, проктопластика отасы жасалатынын айтты.