Жаңа туған сәбиін басқа біреудің қамқорлығына берген әйел ұсталды
Жаңа туған сәбиін басқа біреудің қамқорлығына берген әйел ұсталды
Жаңа туған сәбиін басқа біреуге асырап алуға берген әйел ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ криминальдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты «Жамбыл облысының полиция қызметкерлері осы жылдың шілде айында 30 жастағы әйелдің жаңа туған қызын үшінші тұлғамен мәліме жасап, асырап алуға бергенін анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды қажетті іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр», - деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте. Сонымен қатар ол Ақмола облысында 3-топ мүгедегін қайыр тілеуге мәжбүрлеген Көкшетау қаласының 28 жастағы тұрыны ұсталғанын атап өтті. Оның дерегінше, күдікті келіншек Өскемен қаласынан 60 жастағы мүгедек ер адамды Көкшетауға алдап алып келіп, қайыр тілеуге мәжбүрлеген. «Күдікті мамырдан бастап осы уақытқа дейін мүгедек адамды орталық базарда күн сайын 8-9 сағат бойы қайыр тілеуге отырғызып қойған. Түскен табысты қалтасына басқан. Факті ҚР ҚК 126-бабы 3-тармағының 2-тармақшасы бойынша тіркелді. Тексеру жүргізіліп жатыр», - деді Қанат Нұрмағамбетов