Жаңбыр, тұман, шаңды дауыл: ел өңірлерінде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Жаңбыр, тұман, шаңды дауыл: ел өңірлерінде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Алдағы үш күнде ел өңірлерінде жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті. «Еліміздің алдағы үш күнгі ауа райын Қара теңіз аудандарынан келетін циклон анықтайды, ол батыстан шығысқа қарай жылжып, жаңбыр түрінде жауын-шашын тудырады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде найзағай жарқырап, шаңды дауыл соғуы мүмкін», – делінген синоптиктердің хабарламасында.