дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 4:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жақсылық жасап жарысайық

Жақсылық жасап жарысайық
ашық дереккөзі
Жақсылық жасап жарысайық
Ең үлкен тәрбие – ата-ананың үлгісі. «Жақсылыққа құр сөз арқылы шақырып, ынтықтыру мүмкін емес. Адамның табиғаты сол – кез келген нәрседе үлгіні қажет етеді,» - деген Сенеканың сөзі рас. №3 мектеп – лицейінің педагогтері мен білім алушылары "Жасыл-Тараз" ЖШС қызметкерлеріне түскі ас ұйымдастырып, арнайы барды. Жақсылық - айналадағыларға қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, қоғамды адамгершілікке үндейтін қасиет. «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі,» – деп М.Әуезов айтқан екен. Яғни еш сұраусыз-ақ ізгілікке ізгілікпен жауап қайтару – көптің қасиеті. Жақсылық жасағанда екінші біреуді қуантып, тіпті бақытқа бөлеуге де болады. Сонымен қоса, ең үлкен қуаныш – жақсылық жасаушыда: жүрегі жұмсарып, ерекше сезімге бөленеді. Кішкентай күнінен балаға жақсылық жасауды, қайырымды, жанашыр болуды үйретуіміз керек. Әйтпегенде бала қатыгез болып өсуі мүмкін. Кез келген адамның бойында жақсылықтың дәні жатады. Өйткені бұл қасиеттің өзі – адамдардың бойындағы рухани биік қасиет. Және әрбір адам өмірінде аз болсын, көп болсын жақсылық жасаған әрі өзгелерден жақсылық көрген. Өмірдің өзі жақсылықсыз болмайды: әлем тек қатыгездік пен жамандыққа толып кетсе, адамгершілік те, шын мәніндегі адами өмір де жойылар еді. Кішкентайынан сол дән көп суарылып, жақсы күтім көрген болса, өсе келе өз жемісін бермей қоймайды. «Жақсылық жүрген жерде, тапшылық болмайды». Жақсылық атаулыға шын көңілмен, риясыз пейілмен, қайтарым күтпей жасалған, өзгелерді қуантататын, басқаларға пайдалы болатын амалдардың бәрі де кіреді, ендеше, жақсылық жасап жарысайық!
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар