Жамбыл жаңалықтар

«Жаңғырған Жаңатас» жобасы іске асады

«Жаңғырған Жаңатас» жобасы іске асады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Таразға тарту» жобасына орай Тараздағы  «Баласағұн» орталық концерт залының алдында Сарысу ауданының  «Туған жерім - дархан далам» атты мәдениет және өнер күндері өтті. Облыс  әкімі Бердібек Сапарбаев және Қазақстанның Қырғыз республикасындағы елшісі сарысулықтар  ұйымдастырған ауыл шаруашылық жәрмеңкесін аралады. Мұнда тараздық  тұрғындарға аса қажетті азық -түліктер арзан бағамен саудаланды. Облыс басшысы тұз өндірумен айналысатын «Асыл тұз» ЖШС –нің және жеміс –жидек, қауынішек, қауынқақ әкелген шаруа қожалықтардың жетекшілерімен сөйлесіп, жұмыстарына табыс тіледі. Сондай-ақ, спорттың каратэ, қазақ күресі, бокс түрлерімен айналысып жатқан жасөспірімдерге де назар аударды. Жәрмеңкенің маңында кір тасын көтеру, асық ату, арқан тарту жарыстары да өткізіліп, тұғындардың көңілінен шықты. Облыс әкімі «Баласағұн» орталық концерт залы  алдындағы техникалық жетістіктер, өнер және кітап көрмелерін тамашалады. Тіпті, Сапарғали Баялиев деген жігіт шағын ауыл шаруашылығы тракторын құрастырып шығыпты. Аймақ басшысы Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласының алдағы уақытта жанданатынын айтты.

Мұнан соң облыс әкімі бастаған қонақтар көпшілікпен мерекелік концертті тамашалады. Өнерпаздар тарихи қойылым ұсынып, ән мен күйден шашу шашты.