Жалған тауармен жұртты алдаған ерлі-зайыпты ұсталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 маусым, 2025
- 151

Жамбыл облысында алаяқтықпен айналысқан ерлі-зайыпты бірнеше ай ішінде 200-ден астам тұрғынды сан соқтырып, 120 миллион теңгеден астам қаржы иеленген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz stan.kz сілтеме жасап.
Байзақ ауданында тұратын күдіктілер 2025 жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін WhatsApp мессенджері арқылы тұрғындарға базар бағасынан төмен бағада ыдыс-аяқ сатамыз деп уәде берген. Олар арнайы чаттар арқылы өнім ұсынғандай кейіп танытып, сенімге кірген. Алайда тұрғындар ақшасын аударғаннан кейін, алаяқтар ізін суытып отырған.
Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің өндірісінде, ал процессуалдық бақылау прокуратураға жүктелген.
Аталған факті бойынша 2025 жылдың 4 сәуірінде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі (аса ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша кінәсі дәлелденген жағдайда күдіктілер 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар мүлкі тәркіленеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жазғы демалыс — балалар үшін дамудың жаңа кезеңі
- авторАрайлы Жақсылық
- 21 маусым, 2025