сенбі, 23 қараша, 2024 4:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылға "шалабайларды" жетілдіретін жаңашыл құрылғы жеткізілді

Жамбылға "шалабайларды" жетілдіретін жаңашыл құрылғы жеткізілді
ашық дереккөзі
Жамбылға "шалабайларды" жетілдіретін жаңашыл құрылғы жеткізілді

Жуалы  аудандық орталық ауруханасына  облыстық денсаулық  сақтау басқармасының қолдауымен  шала туылған балаларға арналған «NITE» аталатын құрылғы алынды, – деп хабарлайды «Jambylinfo» ақпарат агенттігі басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш аппарат уақытынан  бұрын туған шақалақты қажетті температурамен қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ, оның ішіндегі ылғалдылықтың бір қалыпты сақталуын  бақылап,  фототерапиялық қызмет те көрсетеді. Электр қуаты өшіп қалған жағдайда қосымша қосылатын  өзінің қуат көзі бар құрылғы көлікте келе жатқан жағдайда оның аккумуляторына қосылып, тәулік бойы, яғни, 24 сағат  жұмыс істей алады.

"Шала туылған  балалардың салмағы 2 мың граммнан  төмен болса, олардың денесі  жылулық ұстап тұра алмайды. Сондықтан оларды  арнайы сәбилерге арналған төсекке (кувезге)  орналастыру керек.  Ондағы  температура  дене  салмағына  тәуелсіз 33-35 С° көлемінде сақталады. Ал оттегі көлемі 40 пайыздан  аспайды.  Ерте туылған нәресте сүйек, ас қорыту, тыныс алу және жүрек жүйесі әлі толық қалыптаспаған кезде дүниеге келеді. Мұндай шақалақтарды күтуде және емдеуде, әсіресе, туғаннан кейінгі алғашқы бірнеше аптада белгілі бір қиындықтар туындайды. Ол – баланың әлі толық өспегенімен, сондықтан қоршаған ортаға әлі бейімделмегімен байланысты.

Мұндай сәбилердің әлсіздігі соншалықты, стресстің ең аз мөлшерінің өзі  өміріне  қауіп төндіреді  Асқазан-ішек жүйесі қалыптаспаған нәрестелерді тамақтандыру үшін жаңа туған нәрестелердің анатомиялық ерекшеліктерін ескере отырып жасалған арнайы түтіктер қолданылады" – дейді басқарма мамандары.

Аудандық ауруханаға алынған жаңа құрылғы – жуалылық жаңа туылған балалардың денінің саулығын арттыруға және қалыпты өмірге тез бейімделуіне мүмкіндік бермек.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар