Жамбыл ауданының прокурорлары мүмкіндігі шектеулі 12 адамның құқығын қорғаған
Олар сауықтыру кешендеріне бара алмай, жүріп-тұруларына керек құралдардан айырылған
Жамбыл ауданы прокуратурасы «Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-де мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Дереккөзге сүйенсек, талдау барысында бөлім мүмкіндігі шектеулі азаматтарды санаторийлік-курорттық емдеумен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен толық қамтымағаны, сол арқылы 12 тұлғаны көзделген әлеуметтік көмекті пайдалану мүмкіндігінен айырғаны анықталды.