Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХVII сессиясы өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 23 қазан, 2025
- 405
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХVII сессиясы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, оның орынбасарлары, басқарма басшылары, Тараз қаласы мен аудан әкімдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия барысында облыстық мәслихаттың бірқатар шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ Байзақ ауданының кейбір ауылдық округтерінің шекараларын белгілеу және өзгертуге қатысты ұсыныстар қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов, жер қатынастары басқармасының басшысы Данияр Өтепов баяндама жасады.
Жиын соңында депутаттар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, тиісті шешімдер қабылдады.
Трамп пен Путиннің Будапешттегі кездесуі өтпейтін болды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
- авторБақытжан Бекболат
- 15 қаңтар, 2026
Жамбылда үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қаңтар, 2026






