дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 20:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысы аумағында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр

Жамбыл облысы аумағында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр
Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінен алынды
Өңір аумағында су басу жағдайларын болдырмау мақсатында 11 тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді

Жамбыл облысы әкімінің 2024 жылғы 19 ақпанындағы Өкіміне сәйкес, облыс аумағында су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі енгізілді, деп хабарлайды Jambylinfo Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар айында облыс әкімінің бірінші орынбасары 2024 жылға арналған су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу айлығының жоспарын бекітті.

Айлық шеңберінде қалалық және аудандық бөлімшелер, жергілікті полиция қызметі және еріктілермен 66 рейд ұйымдастырылып, оның барысында су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша 670 жуық жаднамалар мен ұсынымдар таратылды.

Облыс аумағында су басу жағдайларын болдырмау мақсатында ұзындығы 1794 шқ. арықтар, 1643 шқ. арналар, 428 шқ. дренаждық арналар, 96 шқ. бұрма арналар, 500 дана су өткізу құрылыстары, 10 шқ. 329 дана автомобиль және 117 дана теміржол көпірлері тазартылды.

Су тасқыны жағдайына жедел ден қою мақсатында 1459 адам, 364 дана техника, 135 мотопомпалар, 19 жүзу құралдары, 271 комбинезон және 492 дана байланыс құралдарынан жасақталған  күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді.

Сонымен қатар, «Көктем-2024» РКШО өткізу барысында 11 тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараларды өткізу барысында су тасқыны ықтималдығы жоғары учаскелерде 364,76 шқ. каналдар мен шағын арық жүйелері, авто және темір жол бойындағы 172 су өткізу каналдары тазартылды. Бұл іс-шараға барлығы 667 адам және 211 дана техника жұмылдырылды.

Бұл бағытта жұмыстар тұрақты бақылауда .

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар