Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысы бойынша 80 дәрігер жетіспейді

Жамбыл облысы бойынша 80 дәрігер жетіспейді

Облыс бойынша дәрігер мамандардың тапшылығы 1,3 есеге төмендегенімен, қалада 32, ауылдық жерлерге әлі 48 медицина қызметкері қажет, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 2023 жылы Жамбыл облысында 68 жас дәрігер «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға барған. Облыс бойынша аудан әкімдері 6 маманға қызметтік пәтер берген. Ал, қызметтік баспана қарастырылмаған аудандар 2 дәрігерге жалдамалы пәтердің бір жылдық қаражатын өтеген.

«Ауылдағы дәрігерлер жетіспеушілігі мәселесін шешу бойынша AMANAT партиясы берген уәдесін орындадық. Енді осы дерігерлер 9 миллион теңгеге жуық, каражатты бір мезгіл көтермеақы ретінде алады. Бұл аулдағы дарігерлердің жетіспеушілігі мәселесін шешуге өте маңызды болады. Бул ретте дәрігер 5 жыл сол жерде жұмыс істеуі керек. Біздегі басты мәселе - ауылға мықты мамандарды әкелу және соған ынталандыру. Қазірдің өзінде өз мамандығында 3 жыл істеу талабы бар. Ең төменгі жалақы мөлшері де жыл сайын арта береді. Сондықтан, дәрігерлерге айтарымыз, бірреттік ақыны алған соң, сол ауылда жұмыс істеп, орнығу керек».