Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі 17 шетел азаматын ұстады
Олар мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған
2024 жылғы 28 наурыз бен 10 сәуір аралығында Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекеті барысында белгіленген өткізу пункттерін айналып өту кезінде 17 шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Лаула Сейділда
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті