дүйсенбі, 20 сәуір, 2026 16:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысы инвестиция динамикасы бойынша көш басына шықты

Жамбыл облысы инвестиция динамикасы бойынша көш басына шықты
Жамбыл облысының әкімдігі
Бұл туралы әкімдік мәлім етті

Мемлекет басшысының ел экономикасына қомақты инвестиция тарту, терең өңдеуді дамыту және өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмалары Жамбыл облысында нақты жобалар мен нәтижелі жұмыстар арқылы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2026 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша аймақта инвестициялық белсенділіктің оң серпіні байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 218,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71,6%-ға артық. Бұл тұрғыда өсу қарқыны бойынша республикада бірінші орынды иеленіп,  өңір экономикалық дамудың тұрақтылығын сақтап отыр.

Сондай-ақ жеке инвестициялардың артуы да ерекше маңызға ие екені белгілі. Олардың көлемі 214,3 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 205,5%-ға өсті. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада екінші орынға шықты.

Өңдеу өнеркәсібінде де айтарлықтай өсім бар. Аталған салаға салынған инвестициялар көлемі 140,7 млрд теңгені құрап, 2,7 есеге ұлғайды. Нәтижесінде Жамбыл облысы республикада бірінші орынға көтеріліп, елдегі осы салаға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 28%-ын қамтамасыз етті.

Жалпы қол жеткізілген нәтижелер 2025 жылы қалыптасқан оң үрдісті жалғастыруда.

Атап айтсақ, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысына 289,7 млн АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5 есе көп. Өсу қарқыны бойынша өңір республикада бірінші орынды иеленді.

Бұдан бөлек, жоспарлы көрсеткіш (индикатор — 86 млн АҚШ доллары) 3,3 есеге артығымен орындалып, өңірдің шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығы жоғары екенін нақты көрсетті.

Инвестиция көлемінің тұрақты өсімі облыста жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың нәтижелі екенін аңғартады. Жамбыл облысы инвестиция тарту бағытында өз орнын нығайтып, өнеркәсіптің одан әрі дамуына жол ашып отыр.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар