дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 4:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Мәди Мейірбекұлы Мәтен Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. 📍Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аппараттың жаңа басшысын қызметкерлерге таныстырып, өңірдің өркендеуі жолында аянбай еңбек ететініне сенім білдіріп, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. 🔹Мәди Мейірбекұлы 1984 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған. 🔹 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. 🔹 Еңбек жолын 2004 жылы «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетінің редакциясында фототілші болып бастаған. 🔹 2005-2011 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының бас маманы, бөлім басшысы. 🔹 2011-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған. 🔹2012-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді. 🔹 2017 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. 🔹 2022 жылғы сәуірден бастап бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі лауазымында еңбек етіп келді. ➡️Толығырақ zhambyl.gov.kz сайтында 🔰 По согласованию с Администрацией Президента РК распоряжением акима Жамбылской области руководителем аппарата акима Жамбылской области назначен Мади Мейрбекович Матен. 📍Глава региона представляя нового руководителя аппарата сотрудникам, выразил уверенность в том, что он будет неустанно трудиться во благо процветания области и дал ряд конкретных поручений. 🔹Мади Матен родился в 1984 году в Жуалынском районе Жамбылской области. 🔹 В 2004 году окончил Таразский государственный университет им. М.Х.Дулати по специальности «экономика и менеджмент». 🔹 Трудовую деятельность начал в 2004 году фотокорреспондентом в редакции газеты «Жаңа өмір – Новая жизнь». 🔹 С апреля 2022 года по сегодняшний день занимал должность помощника акима Жамбылской области.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар