жұма, 27 желтоқсан, 2024 12:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық қызметі туралы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына!

Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық қызметі туралы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына!
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық қызметі туралы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына!
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің басты мақсаты – халықтың санитариялық және эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау, санитариялық-гигиеналық мониторинг, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу, инфекциялық ауруларды болжау және тиісінше жедел шаралар қабылдау арқылы қамтамасыз етіледі. Коронавирустық инфекцияның пандемиясы (бұдан әрі-КВИ) әлемде жұқпалы аурулардың шекарасы жоқ екенін көрсетті. КВИ-дің алғашқы жағдайы 2020 жылдың  24 наурызында анықталды. Ал 2021 жылғы 12 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста коронавирустық инфекцияның 16367 жағдайы тіркелген. Эпидемиологиялық жағдай матрицасының бағалауы бойынша Жамбыл облысының аумағы жасыл аймақта тұрақты орналасқан. Жұқпалы аурулармен, оның ішінде коронавирустық инфекциямен күресудің тиімді әдістерінің бірі вакцинация болып қала береді. Мәселен, соңғы 30 жылда, 1991 жылдан 2021 жылға дейін вакцинамен басқарылатын көкжөтел, дифтерия, қызылша, қызамық, паротит, сіреспе, полиомиелит сияқты инфекциялармен сырқаттанушылық деңгейінің тұрақты төмендегенін көрсетті. Вакцинацияның арқасында облыста дифтерияның соңғы жағдайы 2003 жылы, сіреспенің соңғы жағдайы 2013 жылы тіркелді, «А» гепатитімен сырқаттанушылықтың 456 есеге төмендегені байқалады, 1991 жылы сырқаттанушылықтың 228,0 көрсеткішінен 2020 жылы 0,5-ке дейін. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина пайда болғаннан бері бүкіл әлемде бірнеше миллиард ересек адам коронавирусқа қарсы түрлі вакциналармен егілді. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналар қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне ие, ауыр жағдайларды және ауруханаға жатқызуды азайтады және коронавирустық инфекциялардың өлімін азайтуға ықпал етеді. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап облыста вакцинацияның бірінші компонентімен 18 жастан асқан 625 810 адам (99 %), екінші компонентімен 524 840 адам (83%) қамтылды. Қазіргі уақытта ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес облыста 12-17 жастан асқан 5625 жасөспірімге, жүктіліктің 16-37 аптасынан бастап 605 жүкті әйелге және лактация кезеңінде 723 әйелге, босанғаннан кейін 42 күннен кейін Pfizer өндірген "Комирнати" вакцинасымен екпе жасалды. Жүргізілген эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралардың, сондай-ақ облыс тұрғындары арасында вакцинациялаудың арқасында COVID-19 ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады. Сырқаттанушылық көрсеткіштерінің төмендеуі ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап байқалады, егер тамызда 5289 жағдай тіркелсе, қазанда КВИ - дің 914 жағдайы тіркелді. Яғни, аурушаңдық көрсеткіші 5,7 есеге төмендегені байқалады. Мұнымен қоса, облыстың санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің негізгі міндеттерінің бірі аурулардың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту және оларды тәрбиелеу мен оқыту жағдайларын жақсарту болып табылады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жүргізілген талдау атқарушы органдармен, білім беру және денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп жүргізілетін кешенді жұмыс білім беру ұйымдары жай-күйінің оң өзгерістерінде көрініс тапқанын көрсетті. Жамбыл облысында бақылауда тұрған балалар мен жасөспірімдер нысандарының саны 2 есеге жуық 759-дан 1531-ге дейін өсті. Тәуелсіздік алғаннан бері Жамбыл облысында мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейтуге және балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етуге бағытталған «Балапан» бағдарламасы іске асырылды. 2014 жылдан бастап аталған бағдарлама «білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» біріктіріліп, оны іске асыру барысында балабақшалар саны 442-ге дейін ұлғайды. 2010 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың бір түрі ретінде шағын орталықтар құрыла бастады және 2020 жылы олардың саны 133-ке жетті. 0 – ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 28% - дан 91% - ға дейін, ал 0-ден 3 жасқа дейін 100% - ға дейін ұлғайғаны байқалады. Мемлекет мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде көрсетілетін қызметтердің жеке жеткізушілерін қолдау бойынша шаралар қабылдануда. Қазіргі уақытта облыста 194 жеке меншік мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымдарда жалпы сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың балаға шаққанда 66958,7-ден 55601,3-ке дейін төмендеді. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайларын жақсарту мақсатында мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, іске асырылды. Облыста жаңа типтік мектептер құрылысы жоғары қарқынмен жүргізілді, сонымен қатар бейімделген ғимараттарда орналасқан шағын жинақталған ауыл мектептері жабылды. Осылайша, мектептер санының өсуімен олардың жалпы есептік сыйымдылығы артты. Тиісінше үлгілік ғимараттарда орналасқан мектептер саны 58% - дан 78% - ға дейін ұлғайды, пешпен жылытылатын мектептердің үлес салмағы 19% - дан 1,1% - ға дейін, сондай-ақ тасымалданатын суды пайдаланатын мектептердің үлес салмағы 2,5% - дан 0,4% - ға дейін азайды. 285 мектепте ауладағы дәретханалар жабылып, мектеп ғимараттарының ішінде санитарлық тораптар жайластырылды; ауыз су режимі жақсартылды (мектептерде қосымша кулер, диспенсерлер орнатылды). Қажет болған барлық мектептерде инженерлік коммуникациялар желілері жөнделді. Спорт залдары бар мектептер саны 74% - дан 82% - ға дейін, оның ішінде үлгілік мектептер саны 80% - дан 95% - ға дейін ұлғайды. Белгіленген нысаналы көрсеткіш кезінде - білім беру объектілерінің санитариялық қағидаларының талаптарына жауап бермейтін объектілер санын жыл сайын 5% - ға қысқартуға қол жеткізілді - Жамбыл облысында сәйкес келмейтін объектілер санын 70% - ға: оның ішінде авариялық мектептер санын 60% - ға, үш ауысымда оқытатын мектептер санын 67% - ға, күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін мектептер санын 67% - ға, тығыздалған мектеп ұйымдарын 69% - ға қысқартуға қол жеткізілді. Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін объектілер санын қысқарту бойынша жұмыс жалғасуда. Сумен жабдықтау қауіпсіздігін бақылау мәселесіне тоқталатын болсақ. Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің бақылауында 220 су құбыры бар, оның ішінде 10 қалалық, 210 ауылдық. Үкімет көптеген жылдар бойы Республика халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және елді мекендерді жеткілікті сумен жабдықтау және су бұру мәселелерін шешу жөніндегі міндетке қол жеткізу үшін жоспарлы түрде орасан зор күш жұмсауда. Біздің елімізде «Ауыз су 2010 жылға дейін», «Ақбұлақ 2020 жылға дейін», «Су ресурстарын басқару бағдарламасы», «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» Мемлекеттік бағдарламалары әзірленді, іске асыру облыс халқын су құбырларымен қамтудың ұлғаюына алып келді. «Ауыз су 2010 жылға дейін» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 77% - ды құрады, ал «Ақбұлақ» және «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламалары шеңберінде 86% - ға өсті. «Ақбұлақ» бағдарламасы барысында Қордай ауданы Бетқайнар ауылындағы,    Т.Рысқұлов атындағы ауданның Құлан ауылындағы, Меркі ауданы Тәтті ауылындағы және өзге аудандардағы су құбырларының құрылысы аяқталды. Жамбыл ауданының Жалпақтөбе және Айша би ауылдарында, Талас ауданының Қаратау және Тамды ауылдарында су құбыры желілері қайта жаңартылды. «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы шеңберінде облыста Сарысу ауданының Өндіріс ауылында, Мойынқұм ауданының Қарабөгет ауылында, Жамбыл ауданының Гродеково ауылында, Байзақ ауданының Мырзатай, Абай, Кеңес, Талас және Тегістік ауылдарында, Мойынқұм ауданының Мирный, Қияхты, Жиделі, Көкжелік, Хантау ауылдарында және Бурыл-Байтал станциясында, Сарысу ауданының Арыстанды, Қызыл-Дихан, Шу ауданының Д. Қонаев ауылында,  Жамбыл ауданы, Шайқорық, Қапал, Талапты ауылдарында, Қордай ауданының, Әлжан Ана ауылында, Меркі ауданының Сармолдаев, Қызыл сай ауылдарында, Жуалы ауданының Қарасаз ауылында су құбыры желілерінде қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Су құбырларын салу есебінен халықты ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіштері 2011 жылмен салыстырғанда 77% - дан 87% - ға дейін ұлғайды. Мереке күндерінің қарсаңында, әлемдегі пандемияның жалғасуын және жаңа "Омикрон" штаммының пайда болуын ескере отырып, біз халықты белсенді түрде вакцинациялауға және қарапайым шараларды сақтауға шақырамыз: маска кию, әлеуметтік қашықтық, қол гигиенасы. Осы талаптарды сақтаған жағдайда ғана біз коронавирустық инфекцияның пандемиясын толығымен жеңіп, барлық карантиндік шектеулерді алып тастай аламыз. Біз коронавирустың ұжымдық ауру екенін түсінуіміз керек және біз тек бірлесіп нәтижеге қол жеткізе аламыз.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар