Жамбыл жаңалықтар

«Жамбыл облысына - 85 жыл»: Атаулы датаға мәдениет басқармасы қандай іс-шаралар ұйымдастырып жатыр

Бұл  сұраққа   тиісті басқарма жауап берді

Биыл Жамбыл облысының 85 жылдығына орай қанша мәдение іс-шара өтетінін белгілі болды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Жамбыл облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының дерегінше, жылдағы дәстүр бойынша облыстың 10 ауданында мәдениет күндері өтеді. Ауқымды шараны алдымен Т. Рысқұлов ауданы өткізген.  

Сонымен қатар, айтулы датаға орай жоспарға сәйкес өткізіліп жатқан іс-шаралар да бар.

Оның ішінде:

- «Жамбыл - менің жай атым, халық - менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысы;

- Бағдат Сәмидинованың 70 жас мерейтойына арналған   «Мен даланың қызымын…» атты ән кеші;

- «Аялы әже» атты форумы өтті;

- «Art & Science(арт сайнс): білімге деген құштарлық» халықаралық кітап фестивалі;

- Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай халық театрларының «Жүз шымшыма...» атты республикалық әзіл-сықақ байқау-фестивалі;

- Үміт Қыранқызы Битенованың 60 жас мерейтойына арналған «Жырла, жүрек» және Хамит Есеманның «Сағыныш» атты шығармашылық кештері;

- «Жаңа есім – 2024» жобасы;

- «Көне Тараз күмбірі» ІІІ республикалық фольклорлық ансамбльдер конкурсы;

- «Туған өлкем - Жамбылым!» атты жазба ақындардың республикалық жабық жыр мүшәйрасы бар.

 

 

 

Сондай-ақ алдағы уақытта Жамбыл облысының 85 жылдығына орай «Туған өлкем - Жамбылым!» атты композиторлар мен қылқалам шеберлерінің республикалық байқаулары, қолөнершілердің облыстық байқауы өтпек.

Айта кетерлігі, қараша айында да жамбылдықтарды думанға бөлейтін кеш аз емес. Бұл кезде жылдың қорытынды гала концерті өтеді.

 

Басқарма облысымыздың інжу-маржаны саналатын қасиетті де киелі «Айша мен Қарахан баба: ғылыми деректер, аңыздар» атты ғылыми деректерге негізделген кітап құрастырылып жатқанын да мәлім етті.