Жамбыл облысынан Қазақстанның жеті аймағына он жеті жүк көлік көмек кетті
Су тасқыны болып жатқан аймақтарға жамбылдықтар гуманитарлық көмегін әлі жіберіп жатыр. Бұл мәселені облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өзінің бақылауына алып отыр. Кеше Тараз қаласындағы Орталық базардың аумағынан 17 «Камаз» жүк көлігімен су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерге атанды. Облыс әкімінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек аталған іс- шараның басы – қасында болып, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне бірқатар мәліметтерді берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.