жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 1,2 миллион теңге айыппұлы бар жол ережесін бұзушы ұсталды

Жамбыл облысында 1,2 миллион теңге айыппұлы бар жол ережесін бұзушы ұсталды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында 1,2 миллион теңге айыппұлы бар жол ережесін бұзушы ұсталды
Қордайда өткен рейд барысында әкімшілік полиция қызметкерлері жылдамдықты 44 рет асырып, жол ережесін бұзған Қырғызстандық мемлекеттік тіркеудегі BMW X5 көлігінің жүргізушісін тоқтатты. Айыппұл сомасы 1 млн 255 мың теңгені құрады. Барлық жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері Қордай ауданында орнатылған «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы тіркелді. Ер адам барлық айыппұлды төледі. Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілердің жылдамдықты шектен асырып жіберуі немесе жол жағдайын сақтамауы жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып табылатынын, соның салдарынан жыл сайын жүргізушілер, жолаушылар мен жаяу жүргіншілер қаза тауып, зардап шегетінін еске салады. Сонымен қатар пагондағылар ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты іске асыру барысында Тараз қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Оны жеке тінту кезінде полицейлер "каннабис шайыры" есірткі затының 44 бумасын тауып, тәркіледі. Күдіктінің тұрғын үйін тексеру барысында "Малыш" атты қызметтік-іздестіру итінің көмегімен оның ас үй бөлмесіндегі газ плитасының астынан есірткі заты оралған 2 бума табылды. Тәркіленген "каннабис шайыры" есірткі затының жалпы салмағы 628 грамнан асады. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. - Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау). Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар