Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында 10 айда жасөспірімдерге қатысты 138 қылмыстық іс тіркелген

Жамбыл облысында 10 айда жасөспірімдерге қатысты 138 қылмыстық іс тіркелген

Жамбыл облысында 10 айда кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты 138 қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Өңірде жыл басынан бері оқушы зорлығына қатысты - 8, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың - 5, 16 жасқа толмағандармен жыныстық қатынасқа түсудің 17 дерегі және тағы да басқа қылмыстар анықталған. Брифингте Жамбыл облысы аумағында 9 қарашада басталған «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» республикалық ақпарат науқанының жай-жапсары айтылды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов Балалар құқығын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен өтетін науқан 20 қарашаға дейін созылатынын жеткізді. Шара балаларға қатысты қатігездік қарым-қатынасқа қоғам назарын бұру, балалар өміріне бейжай қарамау мақсатына негізделген. Ақпараттық жұмыс аясында аймақта 15-ке жуық түрлі іс-шара өтпек. Оның қатарында түнгі рейдтен бастап онлайн-семинар мен эссе жазу, фотоконкурс секілді шаралар ұйымдастырылады.