Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында 146 млн теңгеден асатын темекі өнімдері тәркіленді
- авторБақытжан Бекболат
- 5 қыркүйек, 2025
- 534
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті мәлімдеді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті 2025 жылдың тамыз айында мемлекеттік шекара арқылы ірі көлемдегі заңсыз тауар өткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ведомствоның мәліметінше, белгісіз тұлғалар темекі бұйымдарын өткізу пунктінен тыс жерден заңсыз алып өтпек болған. Арнайы шара барысында құны алдын ала есеп бойынша 146 миллион теңгеден асатын 325 500 қорап темекі тәркіленген.
Ұсталған адамдар мен алынған тауар процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға тапсырылған.
Бұл дерекке байланысты құқық қорғау органдары қазіргі таңда тергеу амалдарын жүргізуде.
Келесі мақала






