Жамбыл облысында 15 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 тамыз, 2025
- 478
2025 жылы облыс аумағында жалпы құны 11,1 млрд теңгені құрайтын 15 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Биыл олардың 6,4 млрд теңгелік бөлігі игеріліп, 4 нысан пайдалануға берілмек. Қалған 11 нысанның құрылысы жоспарға сәйкес 2026 жылға өтпелі.
Атап айтсақ:
• Тараз қаласы – 1 нысан, өтпелі (жеңіл атлетика манежі).
• Байзақ ауданы – 1 нысан, биыл тапсырылмақ (Сарыкемер).
• Жамбыл ауданы – 1 нысан, өтпелі (Тастөбе).
• Жуалы ауданы – 3 нысан: биыл – Қарасаз, өтпелі – Нұрлыкент, Көлтоған.
• Қордай ауданы – 1 нысан, өтпелі (Үлкен Сұлутөр).
• Меркі ауданы – 1 нысан, өтпелі (Сарымолдаев).
• Мойынқұм ауданы – 2 нысан: биыл – Айдарлы, өтпелі – Бірлік стадионы.
• Сарысу ауданы – 1 нысан, өтпелі (Жаңатас).
• Т.Рысқұлов ауданы – 1 нысан, өтпелі (Құлан, Арай алқабы).
• Талас ауданы – 1 нысан, биыл тапсырылмақ (Бостандық).
• Шу ауданы – 2 нысан, өтпелі (Жаңажол, Шоқпар).
Мамандардың айтуынша, жаңа спорт нысандары өңірде бұқаралық спортты дамытуға, жастарды салауатты өмір салтына тартуға және аймақтық жарыстардың деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.




