Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында 15 жастағы қыз жоғалып кетті

Жамбыл облысында 15 жастағы қыз жоғалып кетті

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының полиция бөлімі Құлан ауылының тұрғыны, кәмелет жасқа толмаған 2005 жылы туған Кенеш Айдана Сабыржанқызына іздеу салуда. «Ол биылғы жылдың 5 желтоқсанында сағат 11:00-дер шамаларында үйінен белгісіз жаққа шығып кетіп, қайта оралмаған. Бұл қызды көрген, білгендерініз болса Т. Рысқұлов ауданы полиция бөліміне хабарласуларынызды өтінеміз. Үстінде қоңыр ерлер күртешесі, басында ақ түсті қыстық бас киім, қоңыр жемпір, қоңыр шалбар және қара түсті қыс мезгіліне арналған етік болған»,-делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында. inform.kz