Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында 19 елді мекенде су басу қаупі төмендетілді
- авторjambylinfo.kz
- 7 сәуір, 2021
- 255
Жамбыл облысында 19 елді мекенде су басу қаупі төмендетілді
Жамбылда жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, 19 елді мекенде су басу қаупі төмендетілді. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыстық ТЖД бастығы Ермек Момбаев айтты.
Спикердің айтуынша, Жамбыл облысында жалпы су тасқыны қатерлерін алдын алу бойынша Жол картасы жоспарланған. Оған енген 26 нысанның бүгінде 25-інде жұмыстар толығымен аяқталыпты. Жол картасына сәйкес, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, 19 елді мекенде су басу қаупі төмендетілген. Атап айтқанда, Жамбыл ауданы бойынша «Дорожник», «Майская» саяжайы, Аса ауылы. Ал Байзақ ауданында Сарыкемер, Қызыл жұлдыз және Дихан ауылы. Қордай ауданында Масаншы, Қасық, Қалгуты, Беріктас және Арал ауылы. Талас ауданы Ақкөл, Шакиров және Үшарал ауылдары, Меркі ауданында Ақермен және Меркі ауылы. Шу ауданындағы Буланбай, Оразалы және Ақсу ауылына табиғи апаттан төнер қауіп жоқ.
«Жол картасында орындалмаған 1 нысан Тараз қаласында. Жамбыл және Байзақ аудандарының елді мекендерінде су басу қаупінің алдын алу үшін Талас өзенінде жалпы ұзындығы 25,4 шақырым жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен қаражат бөлінбеуіне байланысты орындалмады. Аталған іс-шара «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынының алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасына енгізілді. Қазіргі таңда, бұл бағытта жұмыстар шешімін табуда. Мәселен, биыл ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту бағдарламасы бойынша 555,5 млн теңге, оның 55, 5 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен бөлініп, жұмыстар жүргізіледі», - деді Ермек Момбаев.
Былтырғы жылдың қыркүйегінен осы сәуір айына дейін облыстағы гидротехникалық құрылымдарға Шу-Талас бассейндік инспекциясы, «Қазсушар» РМК филиалы мен Жамбыл су қоймалары мекемелері комиссиялық тексеру жүргізді. Қорытындысында «Жамбыл су қоймалары» КММ меншігіндегі 22 су қоймаларының ағымдағы жөндеу қажет екендігін анықтады. Олардың қатарында Бөгет№5, Каменное, Дарбаза, Қызыләуіт, Шабақты, СТФ, Маханды-1, Аспара-1, Кеңес, Ленинжол, Бәйтелі(Новое), Аққайнар, Жиенәлі, Новое, Ақкумбез, Базарбай-1, Базарбай-2, Тастан, Тегістік, Ақермен1-2, Бәйтелі су сақтағыш қоймалары бар.
Айта кету керек, су қоймаларын қалпына келтіру жұмыстары облыстық табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасының мойнында. Олар «Ерекше авариялық су шаруашылығы құрылымдарын қалпына келтіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізуде. Бағдарлама бойынша 72,8 млн. теңге бөлініп, 7 су қоймаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала