Жамбыл облысында 2021 жылы – экономикалық өсім 105,8 %
Жамбыл облысында 2021 жылы – экономикалық өсім 105,8 %
Жамбыл облысында өткен жылы Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары толығымен орындалып, мемлекеттік бағдарламалардың аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде экономиалық өсім 105,8 пайызды құрады. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды.
Облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма және департамент басшылары, қала, аудан, ауылдық округ әкімдері қатысқан басқосуда 2021 жылдың қорытындысы қаралып, алдағы міндеттер нақтыланды.
Бұдан соң баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет өткен жылы 704,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін жеткізді. 76 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қолға алынып, оның 41-і тапсырылды. Бұдан бөлек, аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аясында мұқтаж отбасыларға 2020 жылы 99 үй, 2021 жылы 134 үй салынып берілген.
Балнұр Жошыбаева.