Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында 33 жастағы ер адамнан 3 келіден астам марихуана тәркіленді
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 тамыз, 2025
- 485
Күдікті өз кінәсін мойындады
Жамбыл облысында республикалық "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер Сэм есімді қызметтік иттің көмегімен 3 келіден астам кептірілген марихуана сақтау дерегін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Күдікті — Сарысу ауданының 33 жастағы тұрғыны. Ер адам Volkswagen Passat көлігімен үйіне қайтып бара жатқан кезде Аса – Тараз автожолында ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол есірткіні бұған дейін арнайы дайындалған жасырын орыннан алып кеткен. Тыйым салынған зат көліктің ішінен табылды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі заттарын ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Келесі мақала





