Жамбыл облысында 34 жастағы ауыл тұрғынын үйінің артында атып кеткен
Жамбыл облысында Байзақ ауданының 34 жастағы тұрғыны қаза тапты. Марқұмның оқ тиген денесі үйдің артқы жағынан табылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жергілікті тұрғындар бұл оқиға қылмыстық топтардың қақтығысымен байланысты деп болжайды. Аталған дерекке қатысты полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.